«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунального государственного учреждения «ІТ школа-лицей города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

  
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

Ақмола облысының білім басқармасы

Косшы қаласының білім бөлімі «IT мектеп-лицейі» КММ-нің

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы

2025 жылға арналған есебі
 

Ақмола облысының білім басқармасы Косшы қаласының білім бөлімі «IT мектеп-лицейі» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бағыты және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың негізгі тетігі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  • көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  • мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

IT мектеп-лицейі КММ-де барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  2. «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
  3. «1-сыныпқа құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
  4. «10-сыныпқа құжаттарды қабылдау және қабылдау»
  5. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  6. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
  7. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
  8. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс ұсынуға жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру»
  9. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
  10. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  11. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге құжаттарды қабылдау»
  12. «Білім туралы құжаттар бойынша мәліметтерді өзектендіру (түзету)»
  13. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету»
  14. «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарына құжаттарды қабылдау және қабылдау»
  15. «Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу»
  16. «Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
  17. «Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау»

Барлық мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабына сәйкес тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын және бекітілген стандарттар мен қағидаларды басшылыққа алады.

2025 жылы барлығы 848 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы – 420.

Жүргізілген талдау негізінде 2025 жылы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – 188;
  • «Балаларды жалпы білім беретін ұйымдар арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» – 336.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат Косшы қаласының интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілуіне қарай аталған бөлім үнемі жаңартылып отырады. Сондай-ақ ақпарат мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді орындарындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған.

IT мектеп-лицейі КММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен тәртібі көрсетілген арнайы стенд рәсімделген.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Instagram әлеуметтік желісі арқылы 2 тікелей эфир өткізілді.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу келесі қағидаттарға негізделеді:

  1. заңдылық;
  2. объективтілік;
  3. бейтараптық;
  4. шынайылық.

2026 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін көтеру мақсатында уақтылы қызмет көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы тиісті шаралар қабылдау қажет.

Сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар үлесін арттыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін көбейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Байланыс ақпараты:
Косшы қаласы, Желтоқсан көшесі 37/Б,
IT мектеп-лицейі
Тел.: 8 775 270 32 06
Электрондық пошта: kosshy_mektep@mail.ru


Текст