«Ұлттық тәрбие - ел болашағы»

15.05.2023 ж. Елімізде алғаш рет Республикалық «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Бұл қоғамдағы проблемаларды ақылдаса, бірлесе отырып шешу әдісі.

 Сессия жұмысы 20 мыңнан астам еліміздің түпкір-түпкіріндегі ғалым, ұстаз бен ата-ана арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде өтті. Басты мәселе ұлттық құндылықтар, қазақ тілі, жасөсіпірімдерді еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ар-намыс қағидаттарын сақтау сынды бағыттарды қамтыған.

Еліміздің барлық аймақтарынан, ауылдық жерлерден жиналған ұстаздар мен ата-аналар форумда бұдан бөлек өзге де қоғамда орын алған өзекті проблемалар төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Шешу жолдарын қарастырды.