«Заң және тәртіп» жобасы

26.11.2025

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ «IT мектеп-лицейінде» 
«Заң және тәртіп» жобасын ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыруды бақылауды бекітудің 19-тармағына сәйкес, 2025 жылдың 20 қарашасында Дүниежүзілік балалар күніне орай «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» атты акция ұйымдастырылды.

Осы іс-шара аясында мектебіміздің 7–8 сыныптарында сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушылар «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазды.

Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әр азаматтың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ полиция мен балалар арасындағы өзара сенім мен қауіпсіз қарым-қатынасты нығайту.
"АДАЛ АЗАМАТ" біртұтас тәрбие
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
АДАЛ АЗАМАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ

Просмотров: 223


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу