«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунального государственного учреждения «ІТ школа-лицей города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

  
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰЛДАР ҰЙЫМЫ

26.11.2025
ҰЛДАР ҰЙЫМЫ
Мектебімізде жасөспірім ұлдар арасындағы тәрбие мен ұйымшылдықты арттыру мақсатында «Ұлдар ұйымы» құрылып, ресми түрде жұмысын бастады.
Ұйымның жетекшісі ретінде тәжірибелі ұстаз АӘжД пәні мұғалімі Б.Д. Керей бекітілді.
Ұлдар ұйымының оқушылар арасындағы төрағасы: 11 “Г” сынып оқушысы А.Ерханов бекітілді.
 
Ұйымның негізгі мақсаты:
• Жасөспірім ұлдардың тұлғалық дамуын қолдау;
• Жауапкершілік, тәртіп, әдептілік мәдениетін қалыптастыру;
• Спорттық, мәдени, патриоттық бағыттағы белсенділікті арттыру;
• Ұлдардың мектеп өміріндегі рөлін күшейтіп, үлгі болуға бағыттау;
• Қоғамға пайдалы, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы азамат тәрбиелеу.
 
Міндеттері:
• Әдеп, тәртіп және мәдениет бойынша үлгі болу;
• Достық, қолдау, өзара құрмет принципін ұстану;
• Мектептегі қоғамдық шараларға белсенді қатысу;
• Спорттық әрі тәрбиелік жобаларды ұйымдастыру;
• Буллинг, әлімжеттік, тәртіпсіздікке жол бермеу;
• Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және дұрыс мінез-құлыққа бағыттау.
 
Бізден жаңалықтар — алда!
 
«Ұлдар ұйымы» мектеп өміріне жаңа серпін беріп, оқушылардың тұлғалық дамуына нақты үлес қосатын болады.
Просмотров: 135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст