08.12.2025
“Көргендінің қылығы көңіл марқайтады”
2025 жылдың 5 желтоқсан күні “Ұлдар” ұйымының ұйымдастыруымен Ақмола облысы билер алқасы, Қосшы қаласының бас биі Қазанғапов Ыбырай Бөлтірікұлы оқушылармен мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты — даналық мектебі ұл тәрбиесінің терең қырларын ашу, ер баланың рухани кемелденуіне ықпал ету, ұлттық құндылықтарға негізделген ерлік, батылдық, намыс, жауапкершілік сынды қасиеттерді бойына дарыту. Сонымен қатар жас ұрпақтың Отан алдындағы борышын сезінуге, қоғамдағы орнын айқындауға бағыт беру.
Кездесу барысында құрметті би Ыбырай Бөлтірікұлы:
🔹 ер жігіттің мінез қалыптастыру жолдары,
🔹 отбасы тәрбиесінің шешуші рөлі,
🔹 ата-баба өсиеті мен тектілік тәрбиесінің мәні,
🔹 білім мен тәртіптің өмірдегі маңызы туралы терең пайымдарымен бөлісті.
Сұхбат барысында оқушылар назарына “Бабалар өсиеті” атты тәрбиелік бейнеролик ұсынылып, би-шешендердің ғибратқа толы сөздері талқыланды. Шара ұлттық тәрбие, рухани сабақтастық және ер азаматтық болмыс жайындағы мазмұнды пікір алмасумен жалғасты.
Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Токбергенов Нұрдаулет Перналыұлы, сондай-ақ “Ұлдар” ұйымының жетекшілері — Керей Бақберген Дүйсенбайұлы, Ахбаев Нағашбек Түймебайұлы, Мизамбев Қаршыға Сауленович ұйымдастыруымен, оқушылардың белсенділігі мен тәрбиеге деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты.
Оқушылар кездесу барысында өздері үшін құнды рухани тәлім, өнегелі ой, жігерлендіретін кеңес алғандарын атап өтті.
Шара соңында қатысушылар би бабалар аманаттаған адамдық, тектілік, адалдық, қайсарлық сынды асыл қасиеттердің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын терең түсінгендерін жеткізді.