Текст
08.12.2025
📌 2025–2026 оқу жылының Қамқоршылық кеңесінің 1-отырысы өтті.
🔰Отырыс барысында жаңа оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды ұсыныстар қаралды.
🔰Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің құрамы жаңартылып, жаңа мүшелер ресми түрде таныстырылды. Кеңес құрамына білім саласына бей-жай қарамайтын ата-аналар, қоғам белсенділері мен серіктес ұйымдардың өкілдері енді.
📌 Қамқоршылық кеңес – мектеп пен қоғам арасындағы алтын көпір. Кеңес мүшелері оқу орнының дамуына үлес қосып, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін бірлесе жұмыс атқаратын болады.
🤝 Барлық жаңа кеңес мүшелеріне сәттілік тілейміз! Бірге дамимыз, бірге жетеміз!