Текст
12.12.2025
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Шабыт» жобасы бойынша мектеп театры белсенді жұмыс жасауда. Театр жетекшілері мен оқушылары шығармашылықпен қызыға дайындалып, жаңа қойылымдарға жауапкершілікпен кірісуде. Жоба оқушылардың өнерге қызығушылығын арттырып, олардың тұлғалық дамуына ықпал етуде. Мектеп театры алдағы уақытта да мазмұнды қойылымдарымен мектеп өмірін жандандыра береді.