15.12.2025
Қосшы қаласы, ІТ мектеп-лицейі ұстазы Ахбаев Нағашбек Түймебайұлы
ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
Еңбек – үнсіз сөйлейді.
Ал адал еңбек – тарихта қалады.
Республикалық ойынның жүлдегері,
жылдың үздік педагогы,
республикалық қазақ қоғамының қайраткері жинақ энциклопедиялық басылымы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында құрметті еңбек адамы ретінде
республикалық басылым беттерінде жарық көрген тұлға.
Ұстаздық жолды ол жай ғана мамандық емес, елге қызмет етудің қасиетті миссиясы деп түсінеді.
Ол – білім берумен шектелмей,
шәкірт бойында мінез қалыптастырған,
ұлттық рухты оятқан, «жеңіске тек адал еңбекпен жетуге болады» деген ұстанымды өз өмір жолымен дәлелдеген нағыз ұстаз.
📚 Ұстаздың әрбір жетістігі – оқушыға жол,
🏆 әр марапаты – кейінгі буынға бағдар,
🔥 әр қадамы – арманы бар жасқа мотивация.
Еңбегі еленіп, абыройы асқақтап,
«Жылдың үздік педагогы» ретінде танылып, республикалық қазақ қоғамының қайраткері, құрметті еңбек адамы атануы – бір адамның ғана емес, тұтас бір ұрпақтың жеңісі.
Ізбасар шәкірттеріңіз көп болсын,
еңбегіңіз әрдайым ел жадында сақтала берсін!