22.12.2025
Қосшы қаласы, Білім бөлімі “ІТ мектеп-лицейінде” 2025 жылы 18 желтоқсан күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Балалар кітапханасы” жобасы бойынша “Кітап оқитын ұлт” тақырыбында 1-2 сыныптар арасында ертегі кейіпкерлерінің суретін салу байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
👫 Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлері арқылы қиялын ұштау, шығармашылық қабілетін дамыту. Балаларға
📚 «Әр кітап — жаңа әлем, әр кейіпкер — үлкен арманға бастар жол» екенін ұғындыру.
👫 Оқушыларды кітаппен дос болуға, оқуға құштар, ойы ұшқыр, арманы биік тұлға болып қалыптасуға жетелеу.
📚 «Кітап оқыған бала — ойлайтын бала, ойлайтын бала — ел болашағы» деген сенімді нығайту.
🎨 Сурет салу арқылы балалардың жүрек қиялын оятып, өз ойын еркін жеткізуге, жақсылық пен адалдықты ертегі кейіпкерлері арқылы сезіне білуге баулу.
✨ «Бүгінгі оқырман — ертеңгі адал азамат» қағидасын санасына сіңіру.