22.12.2025
📍 Қосшы қаласы, Білім бөліміне қарасты “IT мектеп-лицейінде”
🗓 2025 жылғы 18 желтоқсан күні
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Буллингтен қорған” және “Өмірге салауатты қадам” алдын алу іс-шаралары негізінде
“Нашақорлыққа жол жоқ!” тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында волейбол спортынан турнир өткізілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты:
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің, оның ішінде нашақорлықтың алдын алу, спорт арқылы тәртіпке, жауапкершілікке және командалық рухқа тәрбиелеу.
Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, оларды спортқа баулу, күш-жігерін дұрыс арнаға бағыттау, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар, буллингке қарсы тұра алатын, өз таңдауына жауапты, өмірге оң көзқараспен қарайтын саналы, адал азамат қалыптастыру.
💬 «Спорт — тек жеңіс емес, ол дұрыс таңдау»