«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунального государственного учреждения «ІТ школа-лицей города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

  
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Буллинг. Оны қалай тоқтатуға болады?»

22.12.2025

 Қосшы қаласы, “IT мектеп-лицейі”

5-сынып оқушыларына арналған
«Буллинг. Оны қалай тоқтатуға болады?» тақырыбында алдын алу және ағартушылық бағыттағы маңызды кездесу өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты -
Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, түрлерімен таныстыру, өзін және өзгелерді қорғау жолдарын үйрету. Әр оқушының қауіпсіз, тыныш әрі сенімді ортада білім алуға құқығы бар екенін ұғындыру, өзара құрмет пен мейірімділікке негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру.

Кездесу барысында оқушылар буллингтің түрлерімен танысып, оны қалай тоқтатуға болатынын, қиын жағдайға тап болғанда қайда және кімге жүгіну керектігін білді. Балаларға үнсіз қалмау, бір-біріне қолдау көрсету, әлсізді қорғау – күштің белгісі екені ерекше атап өтілді.

Біздің басты мақсатымыз — әр бала өзін жалғыз сезінбейтін, өз ойын еркін айта алатын, қорқынышсыз білім алатын мектеп ортасын қалыптастыру. Себебі мейірім бар жерде — зорлыққа орын жоқ.

🤍 Біз буллингке қарсымыз!
🤝 Біз қауіпсіз мектепті таңдаймыз!

#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

#БуллингкеЖолЖоқ #ҚауіпсізМектеп #ITМектепЛицейі #ҚосшыҚаласы #БаланыңҚұқығы #МейірімдіҚоғам

Просмотров: 42


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст