23.12.2025
👩🏻🏫 Мұғалім мамандығы — абырой, жауапкершілік және балаларға деген шексіз сүйіспеншілік!
🏫 Мектебіміздің ұстаздары республика деңгейінде мектеп қауымдастығының мәртебесін лайықты қорғап, жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеуде.
📜 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері – Дүйсенова Асия Пермекуловна Республикалық байқауға қатысып, оның қорытындысы Астана қаласында KazMedia концерт залында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты түрде марапаттау ұымдастырылып, өтті.
Асия Пермекуловна — үнемі ізденісте жүретін, кәсіби өсуін тоқтатпайтын педагог. Биылғы оқу жылында ол:
🔹 қыркүйек айында өткен «Менің педагогикалық философиям» эссе байқауында жүлделі орын иеленді;
🔹 қараша айында «Дарын» республикалық орталығының байқауында 1-орын иегері атанды;
🔹 ірі білім беру жобаларына белсене қатысып, жаңашылдық пен жоғары педагогикалық мәдениетті көрсете отырып, өз ісіне адалдығын дәлелдеп келеді.
✨ Бұл жетістіктер — баршамыздың ортақ мақтанышымыз, оқушыларға үлгі, ұстаздарға күш-қуат беретін шабыт көзі!
Алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!