«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунального государственного учреждения «ІТ школа-лицей города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

  
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құқықтық мәдениет және оның маңызы»

12.01.2026

“ІТ мектеп-лицейінде”
2026 жылы 12 қаңтар күні Біріңғай сынып сағаты өтті.

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте біріңғай сынып сағаты өткізілді.

🗓 Тақырыбы:
«Құқықтық мәдениет және оның маңызы»
Единый классный час «Правовая культура и ее важность»

Іс-шара аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, оқушыларға құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау туралы мазмұнды ақпарат берілді.

Қатысушылар құрамы:
        Қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Азиза Мұхтарқызы, “ІТ мектеп-лицейі” директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрдаулет Перналыұлы,  педагог-психолог Динар Момынқұлова және сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері.
Сонымен қатар;
-1 ауысым: 5, 9, 10, 11 сынып оқушылары -2 ауысым: 6, 7, 8 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты:
        Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын білуге және сақтауға тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамда тәртіп пен заңдылықты нығайту.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласының мамандарынан нақты жауаптар алды. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст